Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кейбір өкімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2019 жылғы 3 сәуірдегі № 5 өкімі
(2023.06.02. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2023 жылғы 27 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2023 ж. 18 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)
БҰҰ Азаптауларға қарсы кіші комитетінің алдын алу жөніндегі кіші комитетінің ұсынымдарын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің қолдауымен:
1. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкімдеріне өзгерістер мен толықтырулар еңгізілетін тізбесі бекітілсін.
2. Осы өкім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасындағы
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің
2019 жылғы 3 сәуірдегі
№ 5 өкімімен бекітілген
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкімдеріне өзгерістер мен толықтырулар еңгізілетін
тізбесі
1. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2023.20.01. № 1 бұйрығымен күші жойылды (2023 ж. 6 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 20 өкіміне «Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларын іріктеу қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8892 болып тіркелген, 2013 жылғы 28 қарашадағы № 325 (27599) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген өкіммен бекітілген Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларын іріктеу қағидаларын бекіту туралы ережесіне:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Өтінішке қоса беріледі:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) үміткердің өз қолымен жазылған өмірбаяны;