Введите номер документа
Прайс-лист

«Инвесторлардың құқықтарын қорғау және активтерді қайтару саласында мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 17 желтоқсандағы № 1125 Жарлығы

Информация о документе
Датасреда, 17 декабря 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 17 декабря 2025
Дата последнего изменениясреда, 17 декабря 2025

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ

ЖАРЛЫҒЫ

 

Инвесторлардың құқықтарын қорғау және активтерді қайтару саласында мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру туралы

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 5) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) және 3) тармақшаларына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Инвесторлардың құқықтарын қорғау деңгейін арттыру мақсатында инвестициялық омбудсмен функцияларын Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры жүзеге асырады.

2. «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Активтерді қайтару жөніндегі комитет) «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын, қайта ұйымдастырылған Активтерді қайтару жөніндегі комитеттің «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 11-1-бабында және «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына берілсін.

3. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы берілетін функциялар мен өкілеттіктердің шегінде Активтерді қайтару жөніндегі комитеттің құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқоры болып айқындалсын.

4. Қоса беріліп отырған:

1) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті туралы ереже;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом