Введите номер документа
Прайс-лист

«Бурабай»мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесі көрсететін қызметтер үшін тарифтердің мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының 2024 жылғы 14 қарашадағы № 04/276 бұйрығы (2025.21.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Информация о документе
Датачетверг, 14 ноября 2024
Статус
Действующийвведен в действие с 26 ноября 2024
Дата последнего изменениявторник, 21 января 2025

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесі көрсететін қызметтер үшін тарифтердің мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының 2024 жылғы 14 қарашадағы № 04/276 бұйрығы

(2025.21.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1 - бабының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесі көрсететін қызметтер үшін тарифтердің мөлшері бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ведомстволық қарасты ұйымдарды басқару жөніндегі бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары Р.А. Баялиевке жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Президенті Іс басқарушысы

 

А. Нурпеисов

 

ҚР Президенті Іс басқарушысының 2025.05.01. № 04/1 бұйрығымен мөлшері өзгертілді (2025 ж. 21 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Президенті Іс басқарушысының

2024 жылғы 14 қарашадағы

№ 04/276 бұйрыққа қосымша

 

 

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесі

көрсететін ұсынатын қызметтер үшін тарифтердің

 мөлшері

 

Көрсетілетін қызметтердің атауы

Өлшем бірлігі

Ұзақтығы

Қызметтер үшін тарифтер

1

Ұйымдастырылған экскурсиялар мен туристік жорықтарды өткізу кезінде туристік соқпақтарды ұсыну

1 адам

1 бару

0,26 АЕК

2

Қарау алаңдарын, бивач алаңдарын, шатырлы лагерьлерді, кемпингтерді, жағажайларды орналастыру үшін (қысқа мерзімді пайдалану шарттары бойынша) орындар беру

1 га

1 ай

27,38 АЕК

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом