Шетелдіктер асырап алған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде есепке қою және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 11-1-2/130 бұйрығы
(2020.23.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 15 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Сыртқы істер министрінің 2016.09.06. № 11-1-2/243 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2017.23.08. № 11-1-2/371 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2020.23.04. № 11-4/137 бұйрығымен (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысының 53-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 380 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидаларының 41-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Шетелдіктер асырап алған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде есепке қою және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің бақылауды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Мына бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын: