ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы
(2025.10.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2025 ж. 26 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 8 шілдедегі № 470 Қаулысын қараңыз
Мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Президенті | Қ. ТОҚАЕВ |
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 26 ақпан
№ 522
ҚР Президентінің 2025.10.06. № 904 Жарлығымен тұжырымдамасы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2021 жылғы 26 ақпандағы
№ 522 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы:
«адамға бағдарланған» «Ең алдымен адамдар» моделін құру
Мазмұны
1-бөлім. Паспорт
2-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау
3-бөлім. Халықаралық тәжірибені шолу
4-бөлім. Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту пайымы
5-бөлім. Адамдарға бағдарланған мемлекеттік басқарудың жаңа моделін қалыптастыру жөніндегі негізгі қағидаттар мен тәсілдер
6-бөлім. Нысаналы индикаторлар мен күтілетін нәтижелер
1-бөлім. Паспорт
| Атауы | Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы: «адамға бағдарланған» «Ең алдымен адамдар» моделін құру |