«Қарағанды облысының су нысандары мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалуға, туризм мен спортқа арналған орындарды белгілеу туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2023 жылғы 19 қыркүйектегі № 67/01 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қарағанды облысының әкімдігінің 2025 жылғы 4 маусымдағы № 31/13 Қаулысы
Қарағанды облысының әкімдігінің 2025 жылғы 15 қазандағы № 60/01 Қаулысымен күші жойылды
Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2023 жылғы 19 қыркүйектегі № 67/01 «Қарағанды облысының су нысандары мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалуға, туризм мен спортқа арналған орындарды белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6486-09 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қарағанды облысының әкімі | Е. Бөлекпаев |
Қарағанды облысы әкімдігінің
2025 жылғы 4 маусымдағы
№ 31/13 қаулысына қосымша
Қарағанды облысының су нысандары мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалуға, туризм мен спортқа арналған орындардың
тізімі
| № | Саны | Су нысандары мен су шаруашылығы құрылыстарындағы жаппай демалуға, туризм мен спортқа арналған орындардың атауы және орналасқан жері | Ескерту |
| Қарағанды қаласы |
| 1. | 1) | Қалалық жағажай, БЛКЖО 30 жылдығы атындағы саябақтағы орталық көлдің жағалау белдеуі | Коммуналдық |
| 2. | 2) | Қалалық жағажай, Федоров су қоймасының жағалау белдеуі | Коммуналдық |
| 3. | 3) | Федоров су қоймасындағы «Hummerhead» сүңгуір орталығы | Жеке меншік |
| 4. | 4) | Федоров су қоймасындағы «Horizon» демалыс аймағы | Жеке меншік |
| 5. | 5) | Федоров су қоймасындағы «Eva» демалыс аймағы | Жеке меншік |
| 6. | 6) | Федоров су қоймасындағы «Eco-Villa» демалыс аймағы | Жеке меншік |
| 7. | 7) | Федоров су қоймасындағы «Маяк» яхта клубы | Жеке меншік |
| Теміртау қаласы |