Қарағанды облысының су объектілерін жаппай демалуға, туризмге және спортқа арналған орындарды белгілеу туралы
Қарағанды облысының әкімдігінің 2025 жылғы 15 қазандағы № 60/01 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Су кодексіне «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 2025 жылғы 11 шiлдедегi «Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 171-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36443 болып тіркелген) сәйкес, экологиялық талаптарды және адам өмірінің қауіпсіздігін сақтау мақсатында, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қарағанды облысының су объектілерін жаппай демалуға, туризмге және спортқа арналған орындар белгіленсін.
2. Қарағанды облысының кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
2023 жылғы 19 қыркүйектегі № 67/01 «Қарағанды облысының су объектілерінде және су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалу, туризм және спорт орындарын айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2023 жылғы 20 қыркүйекте № 6486-09 болып тіркелген);
2025 жылғы 4 маусымдағы № 31/13 «Қарағанды облысы әкімдігінің 2023 жылғы 19 қыркүйектегі № 67/01 «Қарағанды облысының су объектілерінде және су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалу, туризм және спорт орындарын айқындау туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы».
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қарағанды облысының әкімі | Е. Бөлекпаев |
Қарағанды облысы әкімдігінің
2025 жылғы 15 қазандағы
№ 60/01 қаулысына қосымша
Қарағанды облысының су объектілерінде жаппай демалуға, туризмге және спортқа арналған орындардың
тізбесі
| № | Су объектісінің атауы | Көпшіліктің демалуына, туризмге және спортқа арналған орындар | Елді мекендер |