Қауіпсіздік сертификатын беру және қолдану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 23/қе бұйрығы
(2026.27.07. берілген өзгерістермен)
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2026.10.07. № 61қе бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 27 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 21-7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қауіпсіздік сертификатын беру және қолдану қағидалары бекітілсін.
2. Күші жойылды деп танылсын:
1) «Қауіпсіздік сертификатын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1240 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12766 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 қаңтарда «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) «Қауіпсіздік сертификатын қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1241 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12794 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 қаңтарда «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 5-қызметі (Қоңқашев Ш.Р.):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;