«Қауіпсіздік сертификатын беру және қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 23/қе бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2026 жылғы 10 шілдедегі № 61қе бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қауіпсіздік сертификатын беру және қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 23/қе бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 16782 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 21-7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қауіпсіздік сертификатын беру және қолдану қағидаларында:
1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қауіпсіздік сертификатын беру және қолдану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 21-7) тармақшасына сәйкес әзірленді және қауіпсіздік сертификатын беру және қолдану тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:
1) абонент - байланыс қызметтерін көрсетуге шарт жасалған жеке немесе заңды тұлға;
2) байланыс операторы - Қазақстан Республикасы аумағында тіркелген байланыс қызметтерiн көрсететін және (немесе) байланыс желілерін пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
1-тармақтың оныншы абзацы 2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
3) интернет-ресурс - цифрлық инфрақұрылымда орналастырылған және домен атауы, Интернет мекенжайы немесе өзге де цифрлық сәйкестендіргіш арқылы сәйкестендірілетін цифрлық ресурс;