Маңғыстау облысының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бекіту туралы
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2021 жылғы 31 наурыздағы № 2/18 шешімі
(2022.24.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2023 жылғы 27 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 145 «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 20540 болып тіркелген) сәйкес Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Маңғыстау облысының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидалары бекітілсін.
2. «Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Ә.Қ. Дауылбаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Маңғыстау облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрағасы | Е. Әбілов |
| Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы | Н. Тумышев |
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2022.24.08. № 13/158 шешімімен қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Маңғыстау облыстық мәслихатының
2021 жылғы 31 наурыздағы
№ 2/18 шешіміне қосымша
Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы жануарларын жаю
қағидалары
1 - тарау. Жалпы ережелер