Спорттың басым түрлерінің республикалық тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 1 қарашадағы № 293 бұйрығы
(2021.29.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2023 жылғы 1 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Спорт және дене шынықтыру туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 62) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Спорттың басым түрлерінің республикалық тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2021.29.10. № 337 бұйрығымен тізбе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2019 жылғы 1 қарашадағы
№ 293 бұйрығымен
бекітілген
Спорттың басым түрлерінің республикалық
тізбесі
| Спорт түрлерінің атауы |
| Топтар атауы | № | Олимпиадалық емес спорт түрінің атауы | Жазғы олимпиадалық спорт түрінің атауы | Қысқы олимпиадалық спорт түрінің атауы | Паралимпиадалық спорт түрінің атауы | Ұлттық спорт түрінің атауы |
| «А» тобы | 1. | Ашихара-каратэ | Ауыр атлетика | Биатлон | Арбадағы баскетбол | Жекпе-жек |
| 2. | Белбеу күресі | Әйелдер күресі | Конькимен жүгіру спорты | Арбадағы семсерлесу | Қазақ күресі |