Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 500 бұйрығы
(2025.19.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2026 жылғы 13 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Білім және ғылым министрінің 2021.08.04. № 157 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023.22.06. № 180 бұйрығымен (2023 ж. 10 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.04. № 98 бұйрығымен (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 44) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Білім және ғылым министрінің 2019.10.12. № 530 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда техникалық және кәсіптік білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышы бекітілсін.
ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2021.21.01. № 28 бұйрығымен 1-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025.30.04. № 98 бұйрығымен 1-1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-1. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті және оның аумақтық органдары:
1) лицензиаттың өтініші негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары бойынша бұрын берілген білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияларға қосымшаларды осы бұйрыққа сәйкес қайта ресімдеуді қамтамасыз етсін;