Ұлытау облыстық мәслихатының II сессиясының 2023 жылғы 18 мамырдағы № 25 «Ұлытау облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Ұлытау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 6 қазандағы № 66 шешімі
Ұлытау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ұлытау облыстық мәслихатының II сессиясының 2023 жылғы 18 мамырдағы № 25 «Ұлытау облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұлытау облысының жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларын бекіту туралы»;
шешімнің кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 6-бабының 1-тармағының 4-3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Өсімдіктер дүниесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 23 ақпандағы № 62 «Елді мекендердің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31996 болып тіркелген)»;
Ұлытау облысының жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларын осы шешімінің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы | Б.Шингисов |
Ұлытау облыстық мәслихатының
VI сессиясының 2023 жылғы
6 қазандағы № 66 шешіміне қосымша
Ұлытау облыстық мәслихатының
II сессиясының 2023 жылғы
18 мамырдағы № 25
шешіміне қосымша
Ұлытау облысының жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларын бекіту туралы
1-тарау. Жалпы ережелер