Ұлытау облысының жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларын бекіту туралы
Ұлытау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 18 мамырдағы № 25 шешімі
(2026.03.03. берілген өзгерістермен)
Ұлытау облыстық мәслихатының 2023.06.10. № 66 шешімімен тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 24 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Ұлытау облыстық мәслихатының 2023.06.10. № 66 шешімімен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 24 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 6-бабының 1-тармағының 4-3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Өсімдіктер дүниесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 23 ақпандағы № 62 «Елді мекендердің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31996 болып тіркелген).
1. Ұлытау облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы | Б. Шингисов |
Ұлытау облыстық мәслихатының 2023.06.10. № 66 шешімімен қағида жаңа редакцияда (2023 ж. 24 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Ұлытау облыстық мәслихатының
II сессиясының
2023 жылғы 18 мамырдағы
№ 25 шешіміне қосымша
Ұлытау облысының жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларын бекіту туралы
1-тарау. Жалпы ережелер