Осы редакция 2017 жылғы 19 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2016.27.05. № 239 бұйрығымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 10 қазандағы
№ 3-3/517 бұйрығына
1-қосымша
Сүттілі және сүтті-еттілі бағыттағы ірі қара малдың асыл тұқымдық құндылығын
бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі
нұсқаулық
(2016.27.05. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. Сүттілі және сүттілі-еттілі бағыттағы ірі қара малдың асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) 2014 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» заңының 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленіп, сүттілі және сүттілі-еттілі бағыттағы ірі қара малды бонитирлеуді (бағалауды) нақтылай түседі.
2. Сүттілі және сүттілі-еттілі бағыттағы ірі қара малды бонитирлеу (бағалау) бонитермен (сыныптаушымен) жүргізіледі.
2. Сүттілі және сүтті-еттілі бағыттағы ірі қара малды бонитирлеуді (бағалауды) ұйымдастыру
3. Ірі қара малды (бұдан әрі - ІҚМ) жыл ішінде бонитирлейді (бағалайды):
1) бұқаларды жылына бір рет;
2) сиырларды сауым маусымы аяқталғаннан кейін;
3) торпақтар мен асыл тұқымды бұқашықтарды 6 айлық жас шамасынан бастап.
4. Сұрыптаудың нәтижелері бойынша 1 қазан сәтіне есеп әзірленеді.
5. ІҚМ бағалау кезінде малдың кешенді белгілері бонитирленеді (бағаланады) (тұқымдығы, өнімділік сапасы, экстерлік-сыртқы пішін айырмашылықтары).
6. Жануарлардың тұқымдық деңгейін есеп құжаттарына сүйене отырып жануарларды міндетті түрде қарап шығумен және осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасымен берілген тұқымдылық үлесінің түр әлпетінде айқындығын белгілеу арқылы анықталады. Тұқымдығы бойынша таза тұқымды және будандарға бөлінеді.
7. Таза тұқымдылықтарға жатқызады: