Білім беру ұйымдарына қашықтан оқытуды ұсыну бойынша қойылатын талаптарды және қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығы
(2021.03.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 жылғы 6 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Білім және ғылым министрінің 2021.03.11. № 547 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Білім және ғылым министрінің 2021.03.11. № 547 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Білім беру ұйымдарына қашықтан оқытуды ұсыну бойынша қойылатын талаптар;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаменті (Ж.Қ. Шаймарданов):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2021.03.11. № 547 бұйрығымен талаптармен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 137 бұйрығымен бекітілген
Білім беру ұйымдарына қашықтан оқытуды ұсыну бойынша қойылатын
талаптар