«Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнің міндетін атқарушының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 695 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 555 бұйрығы
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 9 қарашадағы № 689 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрi міндетін атқарушының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 695 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12565 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 19 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері оған (оларға) таралатынөнім (тауарлар) тізбесі осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекет тіктіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;