Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қолдау алуға құқығы бар адамдар санатының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 143 бұйрығы
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 42 бұйрығымен күші жойылды
2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 12-бабының 1-тармағының 24-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қолдау алуға құқығы бар адамдар санатының тізбесі бекітілсін.
2. Әлеуметтік, көші-қон саясаты және мемлекеттік органдарды дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
Т. Дүйсенова
2015 жылғы 3 наурыз
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов
2015 жылғы 13 наурыз
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің