Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қолдауға құқығы бар жеке тұлғалар санаттарының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 42 бұйрығы
(2022.12.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 15 қыркүйектегі № 89 бұйрығымен 2026 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2022.27.10. № 76 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 1-бабы 1-тармағының 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қолдауға құқығы бар жеке тұлғалар санаттарының тізбесі бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қолдау алуға құқығы бар адамдар санатының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 143 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10729 болып тіркелген, 2015 жылғы 29 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Әлеуметтік саясат және мемлекеттік органдарды дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;