Тексеруді бастау, тексеру мерзімдерін ұзарту және (немесе) тоқтата тұру (қайта бастау), мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның, оның аумақтық бөлімшесінің тексеруші лауазымды адамдары құрамының өзгергені туралы хабарламалардың, тексеру нәтижелері туралы анықтаманың және тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынудың нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының м.а. 2026 жылғы 16 шілддегі № 127 бұйрығы
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 81-бабының 15-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес тексерудің басталуы туралы хабарламаның нысаны;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес тексеру мерзімдерін ұзарту туралы хабарламаның нысаны;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес тексеру мерзімдерін тоқтата тұру (қайта бастау) туралы хабарламаның нысаны;
4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның, оның аумақтық бөлімшесінің тексеруші лауазымды адамдары құрамының өзгергені туралы хабарламаның нысаны;
5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес тексеру нәтижелері туралы анықтаманың нысаны;
6) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынудың нысаны бекітілсін.
2. «Тексерудің басталуы, тексеру мерзімдерін ұзарту және (немесе) тоқтата тұру (қайта бастау) туралы, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің тексеруші лауазымды адамдары құрамының өзгергені туралы хабарламалардың, тексеру нәтижелері туралы анықтаманың және тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынудың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының міндетін атқарушысының 2024 жылғы 5 маусымдағы № 90 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34458 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.