Гуманитарлық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 8 қазандағы № 743 Қаулысы
(2024.05.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2024 жылғы 13 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2023.20.12. № 1158 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2023.20.12. № 1158 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 34-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2023.20.12. № 1158 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Гуманитарлық көмек көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | А. Мамин |
ҚР Үкіметінің 2021.07.12. № 869 Қаулысымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 8 қазандағы
№ 743 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2023.20.12. № 1158 Қаулысымен бүкіл мәтін бойынша «ізгілік» деген сөз «гуманитарлық» деген сөзбен ауыстырылды (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2023.20.12. № 1158 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Гуманитарлық көмек көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ізгiлiк көмек көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 11-бабының 34-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының және Қазақстан Республикасына гуманитарлық көмек көрсету тәртібін айқындайды.