«Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген білім және ғылым саласындағы көрсеткіштердің мәнін есептеу әдістемесінің жобасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 138 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 49 бұйрығы
ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 тамыздағы № 431 бұйрығымен күші жойылды
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген білім және ғылым саласындағы көрсеткіштердің мәнін есептеу әдістемесінің жобасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 138 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген білім және ғылым саласындағы көрсеткіштердің мәнін есептеу әдістемесінің жобасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын
2. Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаменті (М.Т. Мелдебекова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Жауапты хатшы А.А. Өрсариевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 12 ақпандағы
№ 49 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы 31 наурыздағы
№ 138 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің
құжаттарына енгізілген білім және ғылым
саласындағы индикаторлар мен көрсеткіштердің мәнін
ЕСЕПТЕУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЖОБАСЫ
Астана қаласы, 2018 жыл
Мазмұны
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУ
Жаңартылған мазмұн бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған 3-6 жастағы балалардың үлесі