Жылжымалы құрамды, арнайы жылжымалы құрамды сыныптау тізбесін кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму Министрінің 2018 жылғы 22 мамырдағы № 364 бұйрығы
Осы редакция 2020 жылғы 14 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 14-быбының 2-тармағына 22) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Жылжымалы құрамды, арнайы жылжымалы құрамды сыныптау тізбесін осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекіту.
2. «Жылжымалы құрамды, арнайы жылжымалы құрамды сыныптау тізбесін бекіту туралы» 2011 жылғы 8 ақпандағы № 58 бұйрықтың күшін жою.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және таратуға жатады.
Қазақстан Республикасы
Инвестиция және даму
Министрінің
2018 жылғы 22 мамырдағы
№ 364 бұйрыққа
қосымша
Жылжымалы құрамды, арнайы жылжымалы құрамды
сыныптау тізбесі
| р/б № | Жылжымалы құрамның атауы | Үлгісі, маркасы |
| 1. Жолаушылар жылжымалы құрамы |
| 1 | Арнайы вагон | ЦМ арнайы |
| 2 | Жолаушыларды тасымалдау үшін жолаушылар вагоны | ЦМК, ЦМКК (Турист, РИЦ), ЦМККр, ЦМККБ, ЦМО, ЦММО, СВ (Бизнес), СВД (Гранд, Гранд PMR), СВБ |
| 3 | Жүру жолында жолаушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін жолаушылар вагоны | ЦМР, ЦМВК |
| 4 | Багаж және жүк багажын тасымалдауға арналған багаж вагоны | ЦМБ, ЦМБП, ЦМП |
| 5 | Қызметтік-техникалық вагон | СЛТ |
| 6 | Қызметтік-техникалық вагон, электр станциясы вагоны | СТ, ЭЛСТ, СТ ДГУ |
| 7 | Арнайы контингентті тасымалдауға арналған вагон | ЗАК |
| 2. Жүк жылжымалы құрамы |
| 8 | Жабық вагон | 200, 201, 204, 206, 207, 208, 209, 211 |
| 9 | Платформа | 400, 404 |
| 10 | Үсті ашық вагон | 600,601, 602, 603, 608, 609 |
| 11 | Цистерна | 700, 702, 704, 706, 712, 713, 720, 721, 730, 731, 732, 748, 750, 760, 762, 764, 766, 768, 770, 772, 773, 774, 776, 778, 780, 794, 798 |
| 12 | Изотермиялық вагон | 800, 806, 808, 810, 814, 816, 824, 826, 830, 836, 838, 840 |