Арнайы білім беру ұйымдары түрлерінің қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 66 бұйрығы
(2020.07.04. берілген өзгерістермен)
ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 614 бұйрығымен күші жойылды
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабының 44-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Арнайы білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің мынадай үлгілік қағидалары олардың оқу-тәрбие қызметін ұйымдастыру нысанына сәйкес:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес арнайы бөбекжай қызметінің үлгілік қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес арнайы балабақша қызметінің үлгілік қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес арнайы мектеп қызметінің үлгілік қағидалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес арнайы мектеп-интернат қызметінің үлгілік қағидалары;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес арнайы кешен «балабақша-мектеп-интернат» қызметінің үлгілік қағидалары;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес арнайы кешен «мектеп-интернат-колледж» қызметінің үлгілік қағидалары;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар қызметiнің үлгілік қағидалары;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес оңалту орталығы қызметінің үлгілік қағидалары;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері қызметінің үлгілік қағидалары бекітілсін.