«Қарағанды облысындағы жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерін белгілеу туралы» бірлескен Қарағанды облысы әкімдігінің 2013 жылғы 12 наурыздағы № 14/05 қаулысына және Қарағанды облыстық мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы XIII сессиясының № 141 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қарағанды облысының әкімдігінің 2019 жылғы 13 маусымдағы № 36/01 бірлескен қаулысы және Қарағанды облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 маусымдағы № 419 шешімі
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. «Қарағанды облысындағы жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерін белгілеу туралы» бірлескен Қарағанды облысы әкімдігінің 2013 жылғы 12 наурыздағы № 14/05 қаулысына және Қарағанды облыстық мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы XIII сессиясының № 141 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2317 болып тіркелген, 2013 жылғы 4 мамырдағы № 71-72 (21 498) «Орталық Қазақстан», 2013 жылғы 4 мамырдағы № 59-60 (21392-21393) «Индустриальная Караганда» газеттерінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бірлескен қаулының және шешімнің қосымшасы осы бірлескен қаулының және шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.