«Түркістан облысының облыстық маңызы бар қалаларында бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына қолданылатын түзету коэффициенттерін белгілеу туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2001 жылғы 27 маусымдағы № 11/127-II шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Түркістан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 25 маусымдағы № 17/237-VIII шешімі
Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.«Түркістан облысының облыстық маңызы бар қалаларында бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына қолданылатын түзету коэффициенттерін белгілеу туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2001 жылғы 27 маусымдағы № 11/127-II шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №326 тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1 және 2 қосымшалары осы шешімнің 1 және 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыстық мәслихат төрағасы | Н.Әбішов |
Түркістан облыстық мәслихатының
2025 жылғы 25 маусымдағы
№ 17/237-VIII шешіміне 1-қосымша
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының
2001 жылғы 27 маусымдағы
№ 11/127-ІІ шешіміне 1-қосымша
Түркістан облысының облыстық маңызы бар қалаларында бағалау аймақтарының шекаралары
Түркістан қаласы бойынша:
1-ші аймақ: «Қазақ темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны, «Алтын-дән» акционерлік қоғамы аумақтарында, Абылайхан көшесі, депоның мұнай қоймасы, Тәуке-хан даңғылы, Университет қалашығының құрылысына бөлінген жер орналасқан жер учаскелері;
2-ші аймақ: И.Юлдашев, Төлеби көшелері, Ш.Ниязов, Абылайхан көшелері, Тауке-хан даңғылы мен автобаза аумағында орналасқан жер учаскелері;
3-ші аймақ: Ерубаев, Әбубәкір Төлеби, Кенесары, С.Қожанов, Төреқұлов, Уәлиханов, Б.Байтасов көшелері, Тауке хан даңғылы, Автобаза аумағы, №20 және №21 кварталда орналасқан жер учаскелері;