2025 - 2027 жылдарға арналған Жаңаөзен қаласының бюджеті туралы
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы № 23/189 шешімі
(2025.15.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2025 ж. 19 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2025.15.08. № 28/249 шешімімен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2025.12.03. № 25/204 шешімімен (2025 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.15.08. № 28/249 шешімімен (2025 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2025 - 2027 жылдарға арналған Жаңаөзен қаласының бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3 қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2025 жылға келесідей көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 26 604 450,3 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 22 104 409,3 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 132 351,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 1 304 390,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша - 3 063 300,0 мың теңге;
2) шығындар - 26 670 773,6 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 628 087,0 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 667 960,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 39 873,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 800 000 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 800 000 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 1 494 410,3 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 1 494 410,3 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімдері - 667 960,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 38 670,0 мың теңге;