Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 19 бұйрығы
(2018.31.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 22 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Білім және ғылым министрінің 2015.05.10. № 591 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидалары бекітілсін.
2. Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Ж.Қ. Шаймарданов):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми түрде жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 20 қаңтардағы
№ 19 бұйрығымен бекітілген
ҚР Білім және ғылым министрінің 2015.05.10. № 591 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау
қағидалары
1. Жалпы ережелер
ҚР Білім және ғылым министрінің 2015.05.10. № 591 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2018.31.10. № 601 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда