Жеке сот орындаушылары қаулыларының үлгі нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2011 жылғы 20 қаңтардағы № 18 бұйрығы
(2015.30.11. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2016 жылғы 27 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 10-бабының 6-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Әділет министрінің 2015.30.11. № 604 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Жеке сот орындаушылары қаулыларының үлгі нысандарын осы бұйрықтың 1-49 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Әділет министрінің 2015.30.11. № 604 бұйрығымен үлгілік нысандары жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2011 жылғы 20 қаңтардағы
№ 18 бұйрығына 1-қосымша
Нысан
Атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы
ҚАУЛЫ
20__ ж. «___» _____________ _____________________________
_______________________________________________________________________________
(жеке сот орындаушысы қызметі аумағының атауы)
жеке сот орындаушысы ___________________________________________________________
(жеке сот орындаушысының мекен-жайы, тегі, аты-жөні)
20_ ж. «__» _________ келіп түскен _________________________________________________
(атқарушылық құжаттың нөмірі, келіп түскен күні, атауы)