Введите номер документа
Прайс-лист

«2026 жылғы 15 наурыздағы республикалық референдумда дауыс беру қорытындылары туралы» Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының 2026 жылғы 17 наурыздағы № 12/24 Қаулысы

Информация о документе
Датавторник, 17 марта 2026
Статус
Действующийвведен в действие с 17 марта 2026
Дата последнего изменениявторник, 17 марта 2026

2026 жылғы 15 наурыздағы республикалық референдумда дауыс беру қорытындылары туралы

Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының 2026 жылғы 17 наурыздағы № 12/24 Қаулысы

 

«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 31, 33-баптарына сәйкес және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық референдум комиссияларының дауыс беру нәтижелері туралы ұсынылған хаттамалары негізінде Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Республикалық референдумда дауыс берудің қорытындылары бекітілсін:

1) референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны - 12 482 613;

2) дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны - 9 127 192 немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы санының 73,12 пайызы;

3) референдумға шығарылған мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны - 7 954 667 немесе дауыс беруге қатысқан азаматтардың 87,15 пайызы;

4) референдумға шығарылған мәселенің теріс шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны - 898 099;

5) жарамсыз деп танылған бюллетеньдердің саны - 146 558.

2. Дауыс беруге референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі немесе 73,12 пайызы қатысқандықтан, «Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген мәселе бойынша референдум өтті деп есептелсін.

3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кемінде үштен екісінде дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан астамы немесе 87,15 пайызы оның оң шешімін жақтап дауыс бергендіктен, республикалық референдумға дауыс беру үшін шығарылған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды деп есептелсін.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами