Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 713 бұйрығы
(2023.07.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2026 жылғы 16 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2023.17.03. № 37 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 7 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы | М. Құсайынов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов
2015 жылғы 25 қараша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің м.а.
2015 жылғы 25 қарашадағы
№ 713 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау
қағидалары