Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында және арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарында кәмелетке толмағандарды ұстау қағидалары мен шарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 89 бұйрығы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында және арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарында кәмелетке толмағандарды ұстау қағидалары мен шарттары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі | Г. Бейсембаев |
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2025 жылғы 29 сәуірдегі
№ 89 бұйрығымен
бекітілген
Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында және арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарында кәмелетке толмағандарды ұстау
қағидалары мен шарттары
1-тарау. Жалпы ережелер