ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
2024 - 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы
(2024.01.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
2024.13.12. № 143-VIII ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-бап. 2024 - 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше осы Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 20 194 797 994 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 12 674 497 409 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 1 443 392 658 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 6 130 221 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 6 070 777 706 мың теңге;
2) шығындар - 23 478 302 653 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 337 477 575 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 591 804 497 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 254 326 922 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 49 929 694 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 49 929 694 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы - -3 670 911 928 мың теңге немесе елдің жалпы ішкі өнімінің 2,7 пайызы;
6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы - -10 638 834 829 мың теңге немесе елдің жалпы ішкі өнімінің 7,9 пайызы;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 3 670 911 928 мың теңге.
2-бап. 2024 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін 52 900 000 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 9 217 940 мың теңге сомасында жалдау төлемақыларының түсімдері көзделсін.
3-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін 2024 жылға арналған түсімдердің көлемдері осы Заңға 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
4-бап. Тиісті бюджеттің кірісіне мыналар есепке жатқызылатын болып белгіленсін:
1) Бірыңғай бюджеттік сыныптаудың бюджет түсімдері сыныптамасының «Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық» коды бойынша - жер қойнауын пайдаланушылардың роялти бойынша берешегі, сондай-ақ салық режимі тұрақтылығының кепілдіктері сақталатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша роялти;
2) Бірыңғай бюджеттік сыныптаудың бюджет түсімдері сыныптамасының «Әлеуметтік салық» коды бойынша - бұрын Зейнетақы қорына, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа, Міндетті медициналық сақтандыру қорына, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына аударылып келген жарналар бойынша берешек, сондай-ақ автомобиль жолдарын пайдаланушылардың бұрын Жол қорына түсіп келген аударымдары.
Бұл ретте салық режимі тұрақтылығының кепілдіктері сақталатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер жоғарыда көрсетілген аударымдарды немесе әлеуметтік салықты «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес есептелген, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдардың сомаларына, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының сомасына азайтады.
5-бап. 2024 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен республикалық бюджетке бюджеттік алып қою көлемдері 469 501 019 мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде:
Атырау облысынан - 168 718 843 мың теңге;
Алматы қаласынан - 226 102 075 мың теңге;
Астана қаласынан - 74 680 101 мың теңге.
6-бап. 2024 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінен трансферттер түсімдері 1 276 687 мың теңге сомасында көзделсін.
Облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінен трансферттер түсімдерін бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалады.
7-бап. 2024 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт мөлшері 2 000 000 000 мың теңге сомасында көзделсін.
2024.13.12. № 143-VIII ҚР Заңымен 8-бап жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8-бап. 2024 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан нысаналы трансферт Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған мақсаттарға 3 600 000 000 мың теңге сомасында көзделсін.
9-бап. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап:
1) жалақының ең төмен мөлшері - 85 000 теңге;
2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері - 28 215 теңге;
3) зейнетақының ең төмен мөлшері - 57 853 теңге;
4) айлық есептік көрсеткіш - 3 692 теңге;
5) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы - 43 407 теңге болып белгіленсін.
10-бап. Жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жұмсалатын қаражат 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап олардың мөлшерлерін 9,0 пайызға көтеру ескеріле отырып көзделген деп белгіленсін.
11-бап. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленуге жататын, мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарының мөлшері мемлекет жарналарын есептеу объектісінің 1,9 пайызы болып белгіленсін.
12-бап. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап әскери қызметшілерге (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа) және арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне тұрғынжайды күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақының айлық мөлшері 3 739 теңге сомасында белгіленсін.
13-бап. 2024 жылға арналған республикалық бюджетте республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге және республикалық маңызы бар қала бюджетіне берілетін субвенциялардың көлемдері 5 265 026 806 мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде:
Абай облысына - 234 948 938 мың теңге;
Ақмола облысына - 354 724 684 мың теңге;
Ақтөбе облысына - 293 012 614 мың теңге;
Алматы облысына - 183 608 471 мың теңге;
Шығыс Қазақстан облысына - 245 334 008 мың теңге;
Жамбыл облысына - 426 356 383 мың теңге;
Жетісу облысына - 355 343 578 мың теңге;
Батыс Қазақстан облысына - 251 390 766 мың теңге;
Қарағанды облысына - 322 790 809 мың теңге;
Қызылорда облысына - 433 008 847 мың теңге;
Қостанай облысына - 318 913 396 мың теңге;
Маңғыстау облысына - 135 605 790 мың теңге;
Павлодар облысына - 132 387 464 мың теңге;
Солтүстік Қазақстан облысына - 316 648 616 мың теңге;
Түркістан облысына - 1 001 641 890 мың теңге;
Ұлытау облысына - 51 803 957 мың теңге;
Шымкент қаласына - 207 506 595 мың теңге.
2024.13.12. № 143-VIII ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14-бап. Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне:
1) табиғатты қорғау және арнаулы мекемелер жұмыскерлерінің жалақысын көтеруге;
2) эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізуге;
3) ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге;
4) ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіруді жүргізуге арналған құралдарды (бұйымдарды) және атрибуттарды сатып алуға;
5) Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға;
5-1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруге;
6) еңбек мобильділігі орталықтарының қызметін қамтамасыз етуге;
7) мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне төленетін ақыны ұлғайтуға;
8) мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін ауылдық толық жинақталған мектептерде жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды іске асыруға;
9) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияның мөлшерін ұлғайтуға;
10) 2024.13.12. № 143-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде денсаулық сақтау объектілеріне күрделі жөндеу жүргізуге;
11-1) жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау саласындағы ұйымдары жұмыскерлерінің жалақысын көтеруге;
11-2) жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау саласындағы ұйымдары медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру сыйлықақыларына (жарналарына);
12) кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеуге;
13) радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге;
14) жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға;
15) Астана қаласына іргелес жатқан елді мекендердің көлік инфрақұрылымын жөндеуге;
16) халықтың әлеуметтік осал топтары үшін коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып алуға;
16-1) мемлекеттік дене шынықтыру және спорт ұйымдарының медицина қызметкерлерінің еңбегіне төленетін ақыны ұлғайтуға;
17) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдерін сайлауды қамтамасыз етуге және өткізуге;
18) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, ұйымдар жұмыскерлерінің, қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлерінің жалақысын көтеруге 2024 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің осы баптың бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көрсетілген, 2024 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
15-бап. Ауыл халқының кірісін арттыру жөніндегі жобаны ауқымды түрде қолдану мақсатында ауыл халқына микрокредиттер беру үшін облыстық бюджеттерге кредит беруге арналған қаражатты бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
16-бап. Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің жастардың кәсіпкерлік бастамасына жәрдемдесуге арналған кредиттер сомаларын бөлуі және (немесе) пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
17-бап. Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық жобаларға кредит беруге арналған қаражатты бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
18-бап. «Қарағандышахтатарату» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген, таратылған шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеуге берілетін қаражатты бөлу және (немесе) пайдаланудың тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
2024.13.12. № 143-VIII ҚР Заңымен 19-бап жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылға арналған резерві 567 301 402 мың теңге сомасында бекітілсін.
20-бап. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2024 жылға арналған шығындарының құрамында жаңарту тәртібінде шығарылған материалдық құндылықтарды өткізуден түскен 2 750 000 мың теңге сомасындағы қаражат республикалық бюджеттің кірістерінде көрсетіле отырып, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыруға және сақтауға 8 855 460 мың теңге сомасында қаражат көзделгені ескерілсін.
21-бап. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің 2024 жылға арналған шығындарының құрамында мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауға «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына аудару үшін 151 314 913 мың теңге сомасында қаражат көзделгені ескерілсін.
2024.13.12. № 143-VIII ҚР Заңымен 22-бап жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
22-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктерін беру лимиті 2024 жылы 1 300 000 000 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.
23-бап. 2024 жылы экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру лимиті қолданылмайды деп белгіленсін.
24-бап. 2024 жылға мемлекеттің кепілгерліктер беру лимиті қолданылмайды деп белгіленсін.
25-бап. 2024 жылғы 31 желтоқсанға үкіметтік борыш лимиті 28 743 600 000 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.
26-бап. 2024 жылға Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиті 4 038 959 599 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.
27-бап. 2024 жылға арналған республикалық бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын республикалық бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тізбесі осы Заңға 5-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2024 жылға арналған жергілікті бюджеттерді атқару процесінде осы Заңға 6-қосымшаға сәйкес жергілікті бюджеттік бағдарламалар секвестрлеуге жатпайды деп белгіленсін.
28-бап. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының түсімдері мен шығыстарының болжамы осы Заңға 7-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
29-бап. Осы Заң 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2023 жылғы 5 желтоқсан
№ 43-VІІІ ҚРЗ
2024.13.12. № 143-VIII ҚР Заңымен 1-қосымша жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«2024 - 2026 жылдарға арналған
республикалық бюджет туралы»
2023 жылғы 5 желтоқсандағы
Қазақстан Республикасының
№ 43-VIII ҚРЗ Заңына
1-ҚОСЫМША
2024 жылға арналған республикалық бюджет
| Санаты | Атауы | Сомасы, мың теңге |
| Сыныбы |
| Iшкi сыныбы |
| | | I. Кірістер | 20 194 797 994 |
| 1 | | | Салықтық түсімдер | 12 674 497 409 |
| 01 | | Табыс салығы | 3 670 381 358 |
| | 1 | Корпоративтік табыс салығы | 3 670 381 358 |
| 05 | | Тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге салынатын iшкi салықтар | 7 019 869 944 |
| | 1 | Қосылған құн салығы | 5 821 330 328 |
| | 2 | Акциздер | 126 674 101 |
| | 3 | Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшiн түсетiн түсiмдер | 1 035 181 727 |
| | 4 | Кәсiпкерлiк және кәсiби қызметтi жүргiзгенi үшiн алынатын алымдар | 20 699 250 |
| | 5 | Ойын бизнесіне салық | 15 984 538 |
| 06 | | Халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға салынатын салықтар | 1 978 114 731 |
| | 1 | Кеден төлемдерi | 1 905 731 650 |
| | 2 | Халықаралық сауда мен операцияларға салынатын басқа да салықтар | 72 383 081 |
| 07 | | Басқа да салықтар | 1 634 382 |
| | 1 | Басқа да салықтар | 1 634 382 |
| 08 | | Заңдық маңызы бар әрекеттерді жасағаны және (немесе) оған уәкілеттігі бар мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар бергені үшін алынатын міндетті төлемдер | 4 496 994 |
| | 1 | Мемлекеттік баж | 4 496 994 |
| 2 | | | Салықтық емес түсiмдер | 1 443 392 658 |
| 01 | | Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер | 1 332 408 141 |
| | 1 | Мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері | 57 858 923 |
| | 3 | Мемлекет меншігіндегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер | 1 170 693 832 |
| | 4 | Мемлекет меншігіндегі заңды тұлғалардағы қатысу үлесіне кірістер | 10 298 900 |
| | 5 | Мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер | 65 624 738 |
| | 6 | Бюджет қаражатын банк шоттарына орналастырғаны үшін сыйақылар | 4 584 724 |
| | 7 | Мемлекеттік бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар | 1 223 879 |
| | 9 | Мемлекет меншігінен түсетін басқа да кірістер | 22 123 145 |
| 02 | | Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер | 6 775 033 |
| | 1 | Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер | 6 775 033 |
| 03 | | Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері | 388 371 |
| | 1 | Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері | 388 371 |
| 04 | | Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар | 33 431 730 |
| | 1 | Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына және Арнаулы мемлекеттік қорына түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар | 33 431 730 |
| 05 | | Гранттар | 659 665 |
| | 2 | Қаржылық көмек | 659 665 |
| 06 | | Басқа да салықтық емес түсiмдер | 69 729 718 |
| | 1 | Басқа да салықтық емес түсiмдер | 69 729 718 |
| 3 | | | Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер | 6 130 221 |
| 02 | | Мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар сату | 6 130 221 |
| | 1 | Мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар сату | 6 130 221 |
| 4 | | | Трансферттердің түсімдері | 6 070 777 706 |
| 01 | | Төмен тұрған мемлекеттiк басқару органдарынан трансферттер | 470 777 706 |
| | 1 | Облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінен трансферттер | 470 777 706 |
| 04 | | Ұлттық қордан трансферттер | 5 600 000 000 |
| | 1 | Республикалық бюджетке Ұлттық қордан трансферттер | 5 600 000 000 |
| Функционалдық топ | Атауы | Сомасы, мың теңге |
| Әкімші |
| Бағдарлама |
|
| II. Шығындар | 23 478 302 653 |
| 1 | | Жалпы сипаттағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер | 961 425 071 |
| 101 | | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі | 18 409 928 |
| 001 | | Мемлекет басшысының қызметін қамтамасыз ету | 18 409 928 |
| 106 | | Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық | 1 291 463 |
| 001 | Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қадағалау жөніндегі көрсетілетін қызметтер | 1 224 596 |
| 005 | Қазақстандағы ұлттық құқық қорғау тетіктерінің тиімділігін күшейту | 66 867 |
| 107 | | Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты | 750 323 |
| 001 | Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтер | 750 323 |
| 109 | | Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты | 4 664 672 |
| 001 | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтер | 4 664 672 |
| 201 | | Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi | 167 764 781 |
| 001 | Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы мемлекеттік саясатты айқындау және оның іске асырылуын ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтер | 167 764 781 |
| 204 | | Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi | 105 194 925 |
| 001 | Сыртқы саяси қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер | 77 442 349 |
| 005 | Шетелдік іссапарлар | 3 379 620 |
| 008 | Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және нақты қорғалуын қамтамасыз ету | 242 887 |
| 013 | Халықаралық ұйымдарда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа органдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру | 539 004 |
| 017 | Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға, өзге де халықаралық және басқа органдарға қатысуы | 20 728 981 |
| 019 | Ақпараттық-имидждік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету | 1 917 007 |
| 021 | Шетелде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету | 55 358 |
| 022 | Шетелдегі отандастармен және Қазақстан Республикасына келген этникалық қазақтармен байланыстарды және қатынастарды дамытуға жәрдемдесу | 650 572 |
| 028 | Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық қызметтің бірыңғай ақпараттық жүйесін құру | 58 532 |
| 045 | Халықаралық бағыттағы үкіметтік емес ұйымдардың қызметін гранттық қаржыландыру | 180 615 |
| 207 | | Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі | 8 558 565 |
| 001 | Экология және табиғи ресурстар саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер | 8 558 565 |
| 211 | | Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі | 6 641 333 |
| 001 | Ішкі жəне сыртқы сауда саясаты, халықаралық экономикалық интеграция, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, техникалық реттеу, стандарттау жəне өлшем бірлігін қамтамасыз ету, шикізаттық емес экспортты дамыту жəне ілгерілету саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру | 6 641 333 |
| | | | | | |
| Функционалдық топ | Атауы | Сомасы, мың теңге |
| Әкімші |
| Бағдарлама |
|
| 217 | | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi | 186 244 633 |
| 001 | | Бюджеттік жоспарлауды, мемлекеттік бюджетті атқаруды және оның атқарылуын бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтер | 126 751 866 |
| 002 | Халықаралық қаржы ұйымдары қаржыландыратын инвестициялық жобалардың аудитiн жүзеге асыру | 13 756 |
| 067 | Саяси партияларды қаржыландыру | 15 227 883 |
| 094 | Мемлекеттік активтерді басқару | 543 224 |
| 205 | Шекарадағы өткізу пункттерін жаңғырту және техникалық толық жарақтандыру | 43 707 904 |
| 223 | | Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі | 20 552 060 |
| 001 | Цифрландыру, инновациялар, аэроғарыш және электрондық өнеркәсіп, ақпараттандыру және байланыс саласындағы ақпараттық қауіпсіздік (киберқауіпсіздік), топография-геодезия және картография саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру | 20 552 060 |
| 227 | | Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі | 191 448 299 |
| 130 | Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыру | 9 969 918 |
| 217 | Ғылымды дамыту | 181 478 381 |
| 228 | | Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі | 10 968 807 |
| 001 | Көлік және коммуникация саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру | 10 968 807 |
| 229 | | Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі | 26 503 180 |
| 001 | Өнеркәсіп, қорғаныс өнеркәсібі, геология, бірыңғай әскери-техникалық саясатты және әскери-техникалық ынтымақтастықты жүргізуге қатысу, қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау саласындағы басшылық, индустриялық саясатты қалыптастыру, инфрақұрылымды және бәсекелестік нарықты, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру | 6 503 180 |
| 222 | Тұрғын үй құрылыс жинақ салымдары бойынша сыйлықақылар төлеу | 20 000 000 |
| 241 | | Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі | 6 493 956 |
| 001 | Энергетика, атом энергиясы, мұнай-газ және мұнай-химия өнеркәсібі саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер | 6 493 956 |
| 243 | | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі | 13 736 607 |
| 001 | Инвестициялар тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру, экономикалық саясатты дамыту, табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу, өңірлік даму және кәсіпкерлікті дамыту саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер | 10 505 451 |
| 006 | Халықаралық ұйымдармен бірлесіп жүзеге асырылатын жобаларды зерттеулердің іске асырылуын қамтамасыз ету | 1 015 922 |
| 057 | Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен ынтымақтастығы шеңберінде Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бастамалары мен құралдарына қатысуы | 147 042 |
| 073 | Әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобалардың іске асырылуын қамтамасыз ету | 1 747 178 |
| Функционалдық топ | Атауы | Сомасы, мың теңге |
| Әкімші |
| Бағдарлама |
|
| 096 | | Қазақстан Республикасы мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының арасындағы ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайына зерттеулер жүргізу | 321 014 |
| 406 | | Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасы | 5 768 727 |
| 001 | Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтер | 5 022 862 |
| 007 | Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесін жетілдіру | 745 865 |
| 608 | | Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi | 5 328 854 |
| 001 | Мемлекеттік қызмет саласындағы бірыңғай мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және іске асыру | 4 807 928 |
| 008 | Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабты институционалдық қолдау | 253 000 |
| 012 | Республиканың мемлекеттiк қызмет кадрларын тестілеу жөніндегі көрсетілетін қызметтер | 267 926 |
| 625 | | Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі | 4 801 610 |
| 001 | Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру | 4 801 610 |
| 626 | | Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі | 22 376 772 |
| 001 | Реформаларды қалыптастыруға және тиімді іске асыруға жәрдемдесу жөніндегі көрсетілетін қызметтер, стратегиялық жоспарлау, мемлекеттік статистикалық қызмет салаларында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, мемлекеттік басқару жүйесі мен квазимемлекеттік секторды жетілдіруге қатысу | 18 811 254 |
| 002 | Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету | 3 349 126 |
| 003 | Халықаралық міндеттемелерді орындау және орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу мақсатында Қазақстан Республикасындағы балалар мен әйелдердің жағдайын мониторингтеу үшін мультииндикаторлық кластерлік зерттеп-қарауды жүргізу | 216 392 |
| 627 | | Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі | 3 824 371 |
| 001 | Бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету | 3 824 371 |
| 628 | | Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі | 16 910 663 |
| 001 | Кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылды, экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтарға қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтер | 16 910 663 |
| 637 | | Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Аппараты | 1 641 424 |
| 001 | Республика аумағында Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігін қамтамасыз ету | 1 641 424 |
| 651 | | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі | 5 954 383 |
| 002 | Қоғамдық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру | 5 954 383 |
| 652 | | Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі | 7 893 191 |
| 001 | Су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер | 7 893 191 |
| 690 | | Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы | 11 989 972 |
| 001 | Сайлау өткізуді ұйымдастыру | 1 233 326 |