Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 21 мамырдағы № 117 бұйрығы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 74) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Инклюзивті және арнайы білім беру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі | Г. Бейсембаев |
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2025 жылғы 21 мамырдағы
№ 117 бұйрығына қосымша
Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау
стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау стандарты (бұдан әрі - Стандарт) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабының 74) тармақшасына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымдарында мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаудың сапасына, көлеміне және шарттарына қойылатын талаптарды айқындайды.
2. Осы Стандартта қолданылатын терминдер мен анықтамалар: