Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығы
(2022.28.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2023 жылғы 26 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Қаржы министрінің 2021.16.07. № 681 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабы 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Камералдық бақылау жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп пен аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрі | Б. Сұлтанов |
ҚР Қаржы министрінің 2018.19.03. № 385 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2020.16.04. № 388 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022.28.04. № 454 бұйрығымен (бұр.ред.қара) қағида жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 598 бұйрығымен
бекітілген
Камералдық бақылау жүргізу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер