Өсімдіктерді қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 15-05/1135 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 821 бірлескен бұйрығы
Осы редакция 2019 жылғы 11 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 141-бабының 2-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Мыналар:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес өсімдіктерді қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес өсімдіктерді қорғау саласындағы тексеру парақтары бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 15-02/606 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 13 шілдедегі № 528 бірлескен бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актілердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11895 болып тіркелген, 2015 жылғы 25 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) «Өсімдіктерді қорғау бойынша мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 15-02/607 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 шілдедегі № 533 бірлескен бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актілердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11929 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: