Қазақстан Республикасы әділет органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 9 наурыздағы № 115 бұйрығы
ҚР Әділет министрінің 2017 жылғы 22 маусымдағы № 777 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 33-бабының 5-тармағына сәйкес, бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы әділет органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Кадр қызметі департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресми жариялануын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 316 «Қазақстан Республикасы әділет органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жылсайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11355 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық- құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 2 қазанда жарияланған).
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінің Жауапты хатшысы Д.А.Айтмухаметовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Әділет министрі | Б. Имашев |