Қазақстан Республикасы Әділет органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 316 бұйрығы
ҚР Әділет министрінің 2016 жылғы 9 наурыздағы № 115 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы «Әділет органдары туралы» Заңының 7-бабы 2-тармағы 3) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидасының 27-тармақшасы, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 86 бұйрығымен бекітілген (Мемлекеттік тіркеу тізімінде № 10130 болып тіркелген) «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесінің 2-тармағын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы әділет органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Кадр қызметі департаменті осы бұйрықты Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментінде мемлекеттік тіркеуді және баспа басылымдарында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жауапты хатшысы М.Б. Бекетаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 4 маусымдағы
№ 316 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы әділет органдарының «Б» корпусы
мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың
әдістемесі
1. Жалпы ережелер