Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарындақатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне айсайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы
Алматы облысы әкімдігінің 2017 жылғы 17 қарашадағы № 508 Қаулысы
(2024.12.02. берілген өзгерістермен)
Алматы облысы әкімдігінің 2025 жылғы 18 қыркүйектегі № 289 Қаулысымен күші жойылды
«Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағының 20-4) тармақшасына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Алматы облысы әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;