«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының тестілерін өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 21 қарашадағы № 103 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 21 сәуірдегі № 109 бұйрығы
«Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының тестілерін өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 21 қарашадағы № 103 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9988 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 9 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың орыс тіліндегі тақырыбына өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының тестілерін өткізу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау үшін осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электронды цифрлық қолымен куәландырылған осы бұйрықтың көшірмелерін қағаз және электронды түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;