Введите номер документа
Прайс-лист

«Гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі туралы регламентті бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 15 шілдедегі № 173-НҚ бұйрығы

Информация о документе
Датавторник, 15 июля 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 3 августа 2025
Дата последнего изменениявторник, 15 июля 2025

Гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі туралы регламентті бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 15 шілдедегі № 173-НҚ бұйрығы

 

Қазақстан Республикасының Су кодексінің 70-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі туралы регламент бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы «Су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» № 19-4/286 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11478 болып тіркелген);

2) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 2 маусымдағы «Су шаруашылығы жүйелері мен құрылысжайлары қауіпсіздігінің өлшемшарттарын, Су шаруашылығы жүйелері мен құрылысжайлары қауіпсіздігінің өлшемшарттарын айқындау қағидаларын бекіту туралы» № 172 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22973 болып тіркелген).

3. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы имараттарын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

 Су ресурстары және ирригация

 министрі

 

 

Н. Нуржигитов

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрлігі

 

Қазақстан Республикасы

Су ресурстары және

ирригация министрі

2025 жылғы 15 шілдедегі

№ 173-НҚ бұйрықпен

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом