Введите номер документа
Прайс-лист

«Су шаруашылығы жүйелері мен құрылысжайлары қауіпсіздігінің өлшемшарттарын, Су шаруашылығы жүйелері мен құрылысжайлары қауіпсіздігінің өлшемшарттарын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 2 маусымдағы № 172 бұйрығы (күші жойылды)

Информация о документе
Датасреда, 2 июня 2021
Статус
Утратил силу
утратил силу с 3 августа 2025

Су шаруашылығы жүйелері мен құрылысжайлары қауіпсіздігінің өлшемшарттарын, Су шаруашылығы жүйелері мен құрылысжайлары қауіпсіздігінің өлшемшарттарын айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 2 маусымдағы № 172 бұйрығы

 

ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 15 шілдедегі № 173-НҚ бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 37-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналарды:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Су шаруашылығы жүйелері мен құрылысжайлары қауіпсіздігінің өлшемшарттары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Су шаруашылығы жүйелері мен құрылысжайлары қауіпсіздігінің өлшемшарттарын айқындау қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстары қауіпсіздігінің критерийлерін бекіту туралы» 2015 жылғы 30 наурыздағы № 19-4/289 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11597 болып тіркелген, «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 24 шілдеде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом