Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 9 наурыздағы № 98 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 126 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6929 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 184-185 (26587) санында жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Диссертациялық кеңес туралы үлгі ереже осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) «Дәрежелерді беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6951 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 207-210 (26612) санында жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дәрежелерді беру қағидалары:
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Диссертация мынадай нысандардың бірінде ұсынылады:
1) диссертациялық жұмыс;
2) Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша бірінші және/немесе екінші квартильге кіретін басылымдарда жарияланған кемінде екі мақала және бір шолу сериясы. Мақаланың біреуінде докторант бірінші автор немесе корреспонденция үшін бірінші автор болады.
Осы тармақтың талаптары орындалған жағдайда 6-тармақтың талаптары докторант үшін қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Комитетпен келісе отырып, ерекше мәртебесі бар ЖОО-лар жарияланымдарға барынша жоғары талаптар белгілеуге құқылы.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Диссертацияда:
1) бастапқы толық деректерді көрсете отырып, цитата алынған материалдардың немесе жекелеген нәтижелердің көздеріне;