Спорттық іс-шараларды өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 74 бұйрығы
Осы редакция 2016 жылғы 12 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 26) және 27) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Спорттық іс-шараларды өткізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. «Спорт түрлерінен жарыстардың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 446 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8286 болып тіркелген, 2013 жылғы 21 тамыздағы № 194 (28133) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Т.Қ. Есентаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2014 жылғы 4 қарашадағы
№ 74 бұйрығымен
бекітілген
Спорттық іс-шараларды өткізу
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Спорттық іс-шараларды өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағида) спорттық іс-шараларды өткізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады: