2015 жылға арналған Алматы қаласы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы
Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 17 наурыздағы № 316 шешімі
(2015.16.10. берілген өзгерістермен)
Алматы қаласы мәслихатының 2016 жылғы 11 наурыздағы № 419 шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Су кодексінің 38-бабының 5).тармақшасына, Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 487-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 16-бабының 5-тармағына сәйкес, V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2015 жылға арналған Алматы қаласы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXVІ сессиясының 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 218 «2014 жылға арналған Алматы қаласы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1043 болып тіркелген, «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде 2014 жылғы 15 мамырда жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.