Сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 19-3/297 бұйрығы
(2017.18.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2017 жылғы 7 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 37-бабы 1-тармағының 7-9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі | А. Мамытбеков |
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2017.18.07. № 299 бұйрығымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 19-3/297 бұйрығымен
бекітілген
Сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше
маңызды топтық және оқшау жүйелердің
тізбесі
| Р/с № | Облыстар бойынша объектілердің атауы |
| | 1. Топтық жүйелер |
| | Ақмола облысы |
| 1. | Көкшетау өнеркәсіп су құбыры |
| 2. | Нұра топтық су құбыры |