Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, оларды дайындаған педагогтерге біржолғы сыйақы төлеу қағидаларын, сондай-ақ мөлшерлерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2022 жылғы 29 шілдедегі № 347 бұйрығы
Осы редакция 2023 жылғы 7 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 29-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, оларды дайындаған педагогтерге біржолғы сыйақы төлеу қағидалары, сондай-ақ мөлшерлері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министрдің міндетін атқарушы | Ш. Каринова |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы вице-министрі
Д. Жаналинов
2022 жылғы «____»_____________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі
Т. Жаксылыков
2022 жылғы «____»_____________
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
міндетін атқарушының
2022 жылғы 29 шілдедегі
№ 347 бұйрығына қосымша
Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, оларды дайындаған педагогтерге біржолғы сыйақы төлеу