«Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 7 қыркүйектегі № 613 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 369 бұйрығы
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 31 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 7 қыркүйектегі № 613 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Министр полиция генерал-майоры | Е. Тургумбаев |
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2019 жылғы 30 сәуірдегі
№ 369 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 613 бұйрығына
1-қосымша
Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның
құрамы
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, төраға;
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары;
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Зілзалалар қауіп-қатерлерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының бастығы, хатшы;
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша);