Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 31 бұйрығы
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.
2. Қоса берілген Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Мына:
1) «Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 7 қыркүйектегі № 613 бұйрығының;
2) «Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 7 қыркүйектегі № 613 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 369 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
4. Төтенше жағдайлардың алдын алу департаменті осы бұйрықты Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2021 жылғы 22 қаңтардағы
№ 31 бұйрығына қосымша
Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды
жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның
құрамы
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі, төраға;
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі, төрағаның орынбасары;
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің бастығы, хатшы;