Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Төрағасының м.а. 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 934 бұйрығы
(2023.09.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2024 жылғы 7 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Төрағасының 2019.02.08. № 820 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Төрағасының 2022.12.07. № 386 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Төрағасының м.а. 2022.29.12. № 833 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Төрағасының 2023.09.01. № 10 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Ақмола мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Ақтөбе мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Алматы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Атырау мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» мемлекеттік мекемесі туралы ереже;